LibreOffice пен OpenOffice

LibreOffice — соңғы ірі жаңартуы 2014 жылы шыққан, әдетте OpenOffice ретінде белгілі OpenOffice.org мұрагері. (Содан бері кейде шағын жаңартулар шығып тұрды, бірақ OpenOffice-те қауіпсіздік мәселелерін шешілмеген күйінде қалдыру тарихы бар, сондықтан барлық пайдаланушыларға белсендірек қолдау көрсетілетін LibreOffice-ке жаңғыртуды қатаң ұсынамыз.)

LibreOffice көптеген қосымша мүмкіндіктерді қосады, Microsoft Office-пен үйлесімділікті жақсартады және қауіпсіздік жаңартуларымен бірге тұрақты шығарылымдарға ие. OpenOffice және LibreOffice тарихы туралы толығырақ мына жерден біле аласыз, сондай-ақ мына салыстыруды қараңыз:

Соңғы ірі (жаңа мүмкіндікті) шығарылым 26.8 – 2026 ж. 29 қазан 4.1 – Сәуір 2014
Minor updates in 2025 and 2026 18 2
Windows 64-бит және Apple Silicon нұсқалары Иә Жоқ
Microsoft OOXML экспорты Иә (.docx, .xlsx, .pptx) Жоқ
Қауіпсіздік: OOXML + PDF файлдарына қол қою Иә Жоқ